Аймақтар • 30 Қараша, 2022

Үкімет мүшелері Екібастұзда жедел штаб отырысын өткізді

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұзда Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, «ОАЭК» АҚ акционерлері, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС құрылтайшыларының қатысуымен жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет мүшелері Екібастұзда жедел штаб отырысын өткізді

2022 жылғы 29 қарашадағы 23.55-тегі жағдай бойынша Екібастұзда 17 көп пәтерлі тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан және 1 әкімшілік ғимарат жылу жүйесіне қосылмаған күйінде қалып отыр. Оларға соңғы учаскедегі апат жойылғаннан кейін жылу қайта беріледі. Қалған үйлер мен нысандарға жылу төмен температурамен берілген. Тасымалдағыштың жылу беру температурасы – 820С (норма 870С), кері қайтару – 540С (норма 560С), пәтерлерде – 18-200С, сыртқы ауа температурасы – 230С. 

Жеткізу желілері қатып қалған 59 көп пәтерлі тұрғын үйдің 22-сінде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, тағы 37 нысан қалып отыр. 34 кезекші бригада жұмыс істеп жатыр.

Қалада азаматтарды қабылдау және жылыту үшін 14 арнайы пункт жасақталған.