Бетпақдаланы бағындырып, жылына бір тонна таза алтын өндіретін атақты «Ақбақай» кен орнын ашқан, астында кемі бес ғасырға жететін алтын қоры жатқанын дәлелдеп берген, ел экономикасын алға сүйреген басқа да жүзден астам кен орнын тапқан Дубек Дүйсенбековтің даңқы өндіріс барда өшпейтіні даусыз.

«Көріпкел кенші» атанған әйгілі геологтің дәл осы қасиеті Қазақстанды жерасты қазба байлығы жағынан алға оздырып, 1969 жылы ашқан «Ақбақайы» якут жерінің гауһар қорларымен теңесіп, ғасыр жаңалығы болған. Дубек Дүйсенбекұлына дейін қуарған Бетпақдалада үш бірдей экспедиция табан тоздырса да, бөрікті аспанға атып қуанатындай нәтиже шығара алмағаны аян. Ал қазір ашық және шахта әдісімен игеріліп жатқан кен орны – ен байлықтың көзі. Сол жылдардың өзінде небір мамандар Ақбақай алқабының ерекшелігін айтып тауыса алмай, аңыз тектес әңгімелер желдей ескен. Тіпті кейбір кеніштер бір тонна кеннен 6 килоға дейін алтын бергенде, тоннасына орта мөлшері 3 грамның өзі олжа деп білетін кеншілер үшін бұл бір ғаламат болғаны сөзсіз.
Талдықорған облысы Тас-төбе ауылынан шыққан атақты геологтің еңбек жолы Жезқазған өңірінен бастау алады. Ел аузында «Алланың берген геологі» атанған таланттың танылуында академик Қ.Сәтбаевтың да үлесі бар. Тау-кен институтының жап-жас түлегі 1956 жылы алғашқы бентонит саз кен орнын ашып, оның үлгілерін Алматыға, академик Иван Бокқа көрсетуге әкелгенде, ұстазы сол сазды бірден Қаныш Имантайұлына алып барады. Белгілі ғалымдармен өткен кеңесте Қаныш Сәтбаев әлі танылмаған Дубек Дүйсенбековке бірден назар аударады. Дәл сол кезде Андреевский бентонит саз кен орнын игеруге рұқсат берілген екен. Осылайша, Дубектің ұстазы әрі жол бастаушысына айналған академик оны аспирантураға бара жатқан жерінен алып қалып, кенбарлау жұмыстарына жібергені толық ақталды.
1969 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында «Ақбақай» кен орнының ашылуы кеңес одағы аумағында сенсация ретінде бағаланды. Атақты геолог одан кейін де 45 жылдық геологиялық барлау қызметінде «Бескемпір», «Кенжем», «Думаншуақ», «Япур-ай», «Ақсақал» кен орындарын да ашты. Ол ашқан кен орындарының басым бөлігі «Япур-ай», «Мақпал», «Қаратоғай», «Ләйлім», «Қаракесек», «Ақмаңдайлым», «Қарғаш» сынды қазақ халқының классикалық әндерінің атымен аталады. Ол ашқан қазба орындарының арқасында «Ақбақай» кен байыту комбинаты салынды.
Дубек Дүйсенбекұлы атақтан кенде болмаған, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды, екі Еңбек Қызыл Ту орденімен, талай медальмен марапатталды.
Қазіргі таңда «Ақбақай» кен орны «Алтыналмас АК» АҚ-ның өндірістік алаңына айналғаны аян. Компанияның активіне «Ақбақай» жобасы 2011 жылдан бастап енді. 2011-2015 жылдары кеніш қол еңбегі технологиясынан жерасты өндірісінің механикаландырылған әдісіне көшкеннен кейін, өнімділік 600 пайызға өскен. «Алтыналмас» «Ақбақайды» фабрика салу, кәсіпорынның жиналған техногендік-минералдық түзілімдерін қайта өңдеу арқылы дамытты. Фабрика жылына 850 мың тонна кен өңдей алады. Биыл маусым айында 2-кезең жаңғырып, іске қосылғаннан кейін өндіріс қуаты 1,2 млн тоннаға дейін артты. Компания жоспарындағы келесі кезең – «Ақбақайдағы» алтын шығару фабрикасының 1-кезеңін автоматтандыру.
Ең бастысы, өндірісті цифрландыру бағдарламасының арқасында инновациялық технологиялар келді: жерасты стационарлық жабдықтары, ашық тау-кен жұмыстарын басқару автоматтандырылды, геологиялық-маркшейдерлік сүйелдемесі мен GEOVIA біріктіру платформасы қолданысқа енді. Ұзындығы 130 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісі жүргізіліп, 400 метр тереңдікте жерасты Wi-FI орнатылды. Жерасты тау-кен жұмыстарының маркшейдерлік бақылауы кеншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және тау-кен жұмыстарының өнімділігін арттыратын CMS MINEi (Geosight, Канада) пайдаланылған кеңістікті лазерлік сканерлеу әдісі арқылы жүзеге асырылады. Оған қоса, тау-кен геологиялық деректерді жүйелеп сақтау үшін сыртқы зертханалармен біріктірілген Minevision орталықтандырылған деректерді басқару жүйесі енгізілді. Strata жерасты позициялау жүйесі диспетчерге сенсорлары арқылы адам мен техниканың тұрған жерін көрсете алады. Ал Surpac-тағы 3D модельдеу жүйесі геологтің жұмыс уақытын үнемдеуге және деректердің толықтығы мен нақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Кеніштің желдету жүйесі VentSim бағдарламалық жасақтамасы көмегімен жасалған.
Ал енді осыншама ен байлықтың үстінде отырған, іргесінде алтын кеніші бар Ақбақай ауылында 1,5 мыңдай адам тұрады. Үлкен деп айтуға да болмайтын, кіші деп айтуға да келмейтін осы ауылдың бар мұқтаждығы «Алтыналмас АК» АҚ-қа артылған. Компания 2013 осы елді мекеннің тұрмыс-тіршілігін түлетуді мақсат тұтатын меморандумға қол қойғандықтан, осы мәмілеге сәйкес «Алтыналмас» ауылды ауыз су, токпен қамтамасыз етеді. Қоғамдық моншадан бастап, жолдарды жөндеу, тазалық жұмыстары, Ақбақай – Мирный көлік жолын күтіп ұстау да компанияның мойнында. Мәдени, спорттық іс-шараларды өткізуде материалдық қолдау көрсетіп, мерекелерде ауыл тұрғындары мен балаларды сыйлықтармен қуантуды ұмытпайды. Компания пандемия кезінде де өз қаражатына әкімдіктен бастап, мектеп, балабақша, медбекетті жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосты.
Қалай десек те, Компания мен далада, карта бетінде дарынды геолог Дубек Дүйсенбекұлының арқасында пайда болған жұмысшы ауылдың әл-ауқатын ешқашан қаперден шығармайды. Өйткені «Ақбақай» кен орны арқылы Қазақстан әлемдегі алтын өндіруші елдер он бестігіне кірді.
АЛМАТЫ
Зейнетақы жинақтары желтоқсанда 260 млрд теңгеге өсті
Қаржы • Бүгін, 19:42
БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
Саясат • Бүгін, 19:32
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:13
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:05
Пәкістандағы мешітте жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 18:55
Үкімет басшысы «Digital Almaty 2023» форумына қатысады
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі тірідей өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 18:30
Ел азаматтары ЖШС-ні мобильді қосымша арқылы тіркей алады
Қазақстан • Бүгін, 18:14
10 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға дайын
Қоғам • Бүгін, 18:08
Қостанай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Түрікменстан елшісі «Егемен Қазақстанға» келді
Қоғам • Бүгін, 17:44
Астана - Анкара рейсіне билеттер сатыла бастады
Әлем • Бүгін, 17:23
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады
Саясат • Бүгін, 17:17
Доллар 460 теңгеден төмен түсті
Қаржы • Бүгін, 17:08
Өңірлермен тығыз қарым-қатынас орнату қажет - Мәулен Әшімбаев
Парламент • Бүгін, 16:55
Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді
Қазақстан • Бүгін, 16:47
Қаржы министрлігі банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 16:38
Парламент сайлауында азаматтардың 53,3 пайызы дауыс беруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 16:29
Ұлытау облысы спорт басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:12
Мұхтар Тілеуберді Оман Сұлтандығына ресми сапармен барады
Саясат • Бүгін, 16:03
Алматыға ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары келеді
Саясат • Бүгін, 15:51
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:48
Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді жақтайды
Қоғам • Бүгін, 15:38
Жетісу облысында фермерден заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 15:24
Былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардан 203 адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:16
Алматы облысында есірткі өндірісін ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Өскемендік ғалымдар жаңа жобаны қолға алды
Қоғам • Бүгін, 14:48
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:35
Ертең елордада Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Бүгін, 14:21
Астана әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:05
Өзбекстанда «Сергек» жүйесі іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 13:53
Астанада «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді
Елорда • Бүгін, 13:43
Жаңа Зелендияда су тасқынынан 4 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 13:32
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:18
Чехияның жаңа президенті сайланды
Әлем • Бүгін, 13:00
Қазақстанда ауасы ең лас қала аталды
Экология • Бүгін, 12:59
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Елде 16 мың адам алимент төлемей жүр
Қоғам • Бүгін, 12:52
Болат Өтемұратов Рыбакинаға қатысты пікір білдірді
Теннис • Бүгін, 12:49
Конституциялық Сот аппаратының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:41
Ұқсас жаңалықтар