Астана қаласының тұрғын алабтарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету өте өзекті. Халық тығыз қоныстанған елордадағы интернет сапасы туралы Астана қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы Цифрландыру бөлімінің бас маманы Ғани Бақдәулет баяндап берді.

Ол Астана қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы «Астана-РЭК» АҚ және инвесторлармен бірлесе отырып, инвесторлардың толық қаржыландыруы есебінен елорданың тұрғын алабтарында электр беру және жарықтандыру бағаналары бойымен оптикалық байланыс желілерін тарту жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді.
Сарыарқа ауданында «Казахские домашние сети» ЖШС-ы жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда «Көктал-2» тұрғын алабы бойымен 16 шақырым көше кабельдері тартылды. Абоненттерді қосудың тарифтік жоспары жылдамдыққа байланысты 4 500 теңгеден 14 500 теңгеге дейінгі аралықты құрайды (жылдамдық 50 Мбит/с-тен 500 Мбит/с дейін). Қазіргі уақытта тұрғындардан интернетке қосылуға 53 өтініш түсіп, 2022 жылдың 23 қарашасында «Көктал-2» бірінші абоненті қосылды, ауа райының қолайлы жағдайында күніне 5 абонентті қосу жоспарлануда. Интернетке қосылу тегін түрде жүзеге асырылады.
Тарифтік жоспарлардың ең төмені 50 мб/с – 4 500 теңге болса, стандартты 100 мб/с дейін – 6 500 теңге, ал шаңырақ тарифі 200 мб/с дейін 8 500 теңгені құрайды. 350 мб/с дейін отбасылық тариф – 11 500 теңге, максималды 500 мб/с дейінгі тариф 14 500 теңге болады.
Үркер тұрғын алабында «Synergy Telecom» ЖШС жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда Үркер тұрғын алабы бойымен 20 шақырым көше кабельдері тартылды. Абоненттерді қосудың тарифтік жоспары жылдамдыққа байланысты
4 500 теңге және 6 500 теңге аралығын құрайды (жылдамдық 50 Мбит/с-тен 100 Мбит/с дейін), жылдамдықты ұлғайтуға сұраныс болған жағдайда, оны 500 Мб/с дейін арттыруға болады. Қазіргі уақытта тұрғындардан интернетке қосылуға 40 өтініш қабылданды, ауа райының қолайлы жағдайында күніне 8 абонентті қосу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың 29 қарашасында алғашқы абоненттерді қосу жоспарланған.
Тұрғын алабтарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін қалаға жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын инвестиция тартылды. 2023 жылға «Көктал-1», «Агрогородок, «Интернационал», «Оңтүстік-Шығыс» (оң жағалау), «Промышленный», «Күйгенжар», «Мичурин», «Казгородок», «Кирпичный», «Өндіріс», «Қоянды» саяжайы тұрғын алабтарын интернетке қосу жоспарда бар.
Елорда тұрғындары өткен жылы 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды
Қаржы • Бүгін, 17:32
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
BALQASH ALABUǴASY монеталары айналымға енді
Қаржы • Кеше
Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шаруалармен кездесті
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар