Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Үкімет басшысы ең алдымен қалалық ЖЭО-ға барды.
Әлихан Смайылов жылу желілеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысады деп күтілуде.
«Қазіргі жағдайға жылу желілерінің тозуы мен басшылықтың немқұрайлылығы себеп болды. Инвестициялардың жеткіліксіздігі де - басты себептердің бірі. Тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, барлық кінәлі адамдар, әрине, жауапқа тартылады», деп атап өтті Премьер-Министр Екібастұзға жұмыс сапары барысында.
Еске сала кетсек, 27 қарашаға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да орын алған апатқа байланысты қалада төтенше жағдай жарияланған еді.