Президент • 30 Қараша, 2022

Президент ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының бұрынғы Төрағасы Цзян Цзэминь мырзаның өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.

«Цзянь Цзэминьді Қытайдың дамуы мен халықаралық қауымдастықтағы мерейін арттыру жолында риясыз қызмет еткен еліңіздің көрнекті перзенті ретінде жақсы білеміз. Екі ел арасындағы берік достықты нығайтуға сүбелі үлес қосқан тұлға ретінде оның жарқын бейнесін халықтарымыз жадында мəңгі сақтайды», делінген жеделхатта.

Президент жеделхатта Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан оның отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша Қытай халқына көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35