Сенатор Дана Нұржігіт еліміздің Премьер-Министріне жолдаған депутаттық сауалында Үкіметті әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі жұмысты күшейтуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша, соңғы екі жылда 237 әскери қызметші қаза болды. Оның 89-ы аурудан, 62-сі жол апатынан, 50-і суицид салдарынан көз жұмды.
Сенатор жағдайды жақсарту үшін әскерге шақырылушылардың ғана емес, жасөспірімдердің де психологиялық жағдайын бақылау маңызды екенін атап өтті.
«Біз 13-14 жастағы ер балалардың денсаулығы, тән саулығы, психикасы, психологиясы үнемі бақылауда болуы керек деп есептейміз. Әскерге шақыру комиссиясының алдына келгенше ол баланың бүкіл психо-физикалық портреті, барлық ақпарат арнайы электронды кітапшада жиналып тұрғаны дұрыс. Қазірге кезде міндеттелген квотаны толтыру үшін әскер қатарына денсаулығы жоқ бозбалалар да кетіп жатыр», деді Дана Нұржігіт.
Сенатор әскери қызметшілердің қоғамдағы мәртебесін көтерудің маңыздылығы және олардың әл-ауқатын жақсарту туралы да айтты. Оның айтуынша, мұнда өз шешімін талап ететін көптеген мәселе қордаланып қалған.
«Қарулы күштер қатарындағы келісім-шарт бойынша қызметке келген бірінші жылдағы солдаттың жалақысы 82 мың теңге. Қазақстан дәрігерлерінің жалақысы көтерілгенде, еліміздің әскери дәрігерлері бұл үлестен қалыс қалып, бүгінде олардың жалақысы 200 мың теңгені құрайды. 2021 жылдан бері «Әскери баспана» бағдарламасы аясында «Отбасы банк» алғашқы жарнаны 5%-дан 20%-ға дейін өсірген. Ал, әскери жалақы 100 мыңға да жетпейтін жас әскери маман баспананың алғашқы 20 пайызын қалай төлемек? Осыдан кейін барып, әскери адамның қоғамдағы мәртебесі туралы қандай сөз қозғауға болады?!», деді депутат.
Дана Нұржігіт әскерге шақырылатын және әскерге шақырылғандардың денсаулығын сақтау және қадағалау, олардың денсаулығының электрондық тіркелімін жасау және әскери қызметшілердің әл-ауқатын жақсартуға байланысты ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін бірқатар ұсыныс айтты.
Зейнетақы жинақтары желтоқсанда 260 млрд теңгеге өсті
Қаржы • Бүгін, 19:42
БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
Саясат • Бүгін, 19:32
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:13
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:05
Пәкістандағы мешітте жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 18:55
Үкімет басшысы «Digital Almaty 2023» форумына қатысады
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі тірідей өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 18:30
Ел азаматтары ЖШС-ні мобильді қосымша арқылы тіркей алады
Қазақстан • Бүгін, 18:14
10 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға дайын
Қоғам • Бүгін, 18:08
Қостанай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Түрікменстан елшісі «Егемен Қазақстанға» келді
Қоғам • Бүгін, 17:44
Астана - Анкара рейсіне билеттер сатыла бастады
Әлем • Бүгін, 17:23
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады
Саясат • Бүгін, 17:17
Доллар 460 теңгеден төмен түсті
Қаржы • Бүгін, 17:08
Өңірлермен тығыз қарым-қатынас орнату қажет - Мәулен Әшімбаев
Парламент • Бүгін, 16:55
Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді
Қазақстан • Бүгін, 16:47
Қаржы министрлігі банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 16:38
Парламент сайлауында азаматтардың 53,3 пайызы дауыс беруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 16:29
Ұлытау облысы спорт басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:12
Мұхтар Тілеуберді Оман Сұлтандығына ресми сапармен барады
Саясат • Бүгін, 16:03
Алматыға ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары келеді
Саясат • Бүгін, 15:51
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:48
Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді жақтайды
Қоғам • Бүгін, 15:38
Жетісу облысында фермерден заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 15:24
Былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардан 203 адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:16
Алматы облысында есірткі өндірісін ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Өскемендік ғалымдар жаңа жобаны қолға алды
Қоғам • Бүгін, 14:48
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:35
Ертең елордада Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Бүгін, 14:21
Астана әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:05
Өзбекстанда «Сергек» жүйесі іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 13:53
Астанада «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді
Елорда • Бүгін, 13:43
Жаңа Зелендияда су тасқынынан 4 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 13:32
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:18
Чехияның жаңа президенті сайланды
Әлем • Бүгін, 13:00
Қазақстанда ауасы ең лас қала аталды
Экология • Бүгін, 12:59
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Елде 16 мың адам алимент төлемей жүр
Қоғам • Бүгін, 12:52
Болат Өтемұратов Рыбакинаға қатысты пікір білдірді
Теннис • Бүгін, 12:49
Конституциялық Сот аппаратының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:41
Ұқсас жаңалықтар