Парламент • 01 Желтоқсан, 2022

Мәулен Әшімбаев Ватиканның Апостолдық нунциімен кездесті

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ватиканның Қазақстандағы Апостолдық нунциі архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликатпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев Ватиканның Апостолдық нунциімен кездесті

Кездесу барысында тараптар биылғы қыркүйекте Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің қорытындыларын, сондай-ақ Рим Папасы Францисктің Қазақстанға апостолдық сапарының нәтижелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев понтификтің Съезге қатысуының маңызы жоғары екенін айтты. Сонымен қатар ол Қазақстан алдағы уақытта да жаһандық дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету жолында белсенділік танытуға ниетті екенін атап өтті.

Одан бөлек, сұхбаттасушылар Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ олар екіжақты және көпжақты бағытта бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35