Әлем • 01 Желтоқсан, 2022

Алмазбек Атамбаев сотқа жедел жәрдеммен жеткізілді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 1 желтоқсанда жедел жәрдем көлігімен сотқа жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алмазбек Атамбаев сотқа жедел жәрдеммен жеткізілді

Экс-президент Алмазбек Атамбаев жедел жәрдем көлігімен Бішкектің Первомай аудандық сотына жеткізілді. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Тергеу Қырғызстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабы «Лауазымдық жағдайды теріс пайдалану» бойынша жүргізіледі.

Айта кетсек, 16 маусымда сот Алмазбек Атамбаевты екі қылмыстық іс бойынша ақтады. Кейінірек ол лауазымдық жағдайын асыра пайдаланғаны үшін айыпталды.