Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2022

Ақмола облысында 3 мыңға жуық қос азаматтығы бар адам анықталды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында 3 мыңға жуық қос азаматтығы бар адам анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмола облысында 3 мыңға жуық қос азаматтығы бар адам анықталды

Ақмола облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қос азаматтық бойынша фактілерді анықтау және алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, ҚР азаматы бола тұрып, шет мемлекеттің азаматтығын алған адам 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе ҚР шетелдегі мекемелеріне хабарлауға міндетті. Сонымен қатар, оған Қазақстан Республикасының төлқұжатын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруы қажет болады.

Биылғы жылдың басынан бері Ақмола облысы бойынша көші-қон қызметі қос азаматтығы бар 3 мыңға жуық азаматты анықтады.