Оқиға • 02 Желтоқсан, 2022

Түркияда ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның солтүстік-батысындағы Бурса провинциясында бір моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

Оқиға Османғазы ауданында, Оваакча жылу электр орталығы маңында болған. Оқиға орнына тәртіп сақшылары, өрт сөндірушілер мен дәрігерлер тартылған.

Ұшақ оқу-жаттығу мақсатында көкке көтерілген. Құтқарушылар апат туралы ЖЭО қызметкерлерінен білген.

Апаттың себебі әлі анықталған жоқ.