Кеше Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнеспен таңбалау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талқылау барысында зергерлік бұйымдарды, қапталған су мен сусындарды, аяқ киімді таңбалау, фармацевтикалық тауарларды таңбалау мәселелері көтерілді.
Кездесуде қапталған су мен құрамында қант бар сусындарды таңбалаудың пилоттық жобасы қорытындыланды. Жобаға 13-ке жуық кәсіпорын қатысты.
«Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша таңбалауға арналған жабдықтардың, баспаханалардың болмауы, контрафактінің болуы, сондай-ақ өндірушілерге қаржылық жүктеме салдарынан шығарылатын өнімнің қымбаттауы сынды бірқатар кемшілік анықталды. Талқылау нәтижелері бойынша бизнес-қоғамдастықпен ел ішінде міндетті таңбалауды енгізудің орынсыздығы туралы шешім қабылданды», деді Серік Жұманғарин.
Естеріңізге сала кетейік, тауарларды цифрлық таңбалау жүйесін енгізудің негізгі мақсаттарының бірі көлеңкелі импортқа қарсы күрес болды. Статистика деректері бойынша, Қазақстанға аяқ киім импорты 34,8% - ға, 2019 жылғы 39,5 млн жұптан 2021 жылы 53,2 млн жұпқа дейін ұлғайды. ҚР ҚМ МКК деректері бойынша 2021 жылы аяқ киім әкелуден кедендік баждар мен салықтарды төлеу сомасы 2019 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, 30 млрд теңгені құрады.
2022 жылдың 8 айында кедендік баждар мен салықтарды төлеу сомасы 14 млрд теңгені құрады.
Мамандандырылған дүкендердегі аяқ киім мен былғары бұйымдарының бөлшек саудасынан түсетін салық түсімдері 2019 жылғы 2,7 млрд теңгеден 2021 жылы 7,9 млрд теңгеге дейін 2,9 есеге жуық өсті.
2022 жылдың 8 айында салық түсімдері 6,8 млрд теңгені құрады.
Айта кету керек, бүгінгі таңда таңбалау бизнес үшін жеңілдіктерді ескере отырып, толық көлемде жұмыс істемейді.
Талқылау қорытындысы бойынша «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Баталов аяқ киім мен фармацевтикалық өнімдерді таңбалау мәселелері бойынша тағы да жеке кездесу ұйымдастырылатынын атап өтті. Талқылауға 20-дан астам бизнес және қауымдастық өкілдері қатысты.
«Ақ жол» үміткерлерін анықтады
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Саясат • Кеше
Азық-түлік одақтары отандық өндірушілер бағдарламасын қолдай ма?
Экономика • Кеше
Қоғам • Кеше
Тариф және инвестиция: тығырықтан шығар жол
Сұхбат • Кеше
Төтенше жағдай • Кеше
Ұлыларды ұлықтау – ұрпаққа аманат
Халық • Кеше
Пікір • Кеше
Қарттар үйі: алуан түрлі тағдырлар
Халық • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Өндірістік жарақат азаймай тұр
Еңбек • Кеше
56 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген
Мектеп • Кеше
Директорларды ротациялау: Артықшылығы мен кемшілігі
Білім • Кеше
Қоғам • Кеше
Қылмыс • Кеше
Тарих • Кеше
«Қаныш» фильмі көрерменге жол тартты
Кино • Кеше
Театр • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Поэзия • Кеше
Аймақтар • Кеше
Экология • Кеше
Жеңіл атлетика • Кеше
Жәдігер • Кеше
Кәсіпқой бокс • Кеше
Спорт • Кеше
Бас жүлде Карякин мен Гириге бұйырды
Спорт • Кеше
Қазақстан Ресейдегі Сауда өкілдігін жабуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Шетелден әкелінген 9 мыңнан аса көлік заңдастырылды
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда 14 ірі химиялық кәсіпорын іске қосылады
Қазақстан • Кеше
Астана мен Претория арасында әріптестік артады
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар