3 желтоқсанда Алматыда X Мерейтойлық Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалінің жабылу салтанаты болып өтті. Фестивальдің қазылар алқасы кинокөрсетілімдерді қорытындылап, бірнеше номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Грузин режиссері Георгий Овашвили төрағалық еткен халықаралық қазылар алқасы Bastau DEBUTS бағдарламасында Боливиядан келген «Утама» картинасын үздік деп таныды. Режиссер Алехандро Лоайс Гризидің фильмі кечуа ұлтының қарт жұбы туралы баяндайды. Туынды ақпан айында әйгілі «Сандэнс» фестивалінде «Әлемдік кино» бағдарламасында Гран-при жеңіп алған және биыл Боливиядан «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығына ұсынылып отыр.
Үздік режиссерлік жұмыс үшін жүлде франциялық Али Черриге «Бөгет» картинасы үшін берілді, ал актерлік номинацияларда индонезиялық Арсвенди Бенинг Свара («Өмірбаян» фильмі үшін) және чилилік Алин Куппенгейм («1976» фильмі үшін) жеңіске жетті. Чили, Аргентина және Катардың бірлескен өнімі - «1976» қазылар алқасының арнайы сыйлығын да ұтып алды.
«Мұндай фестивальдер жастар үшін, алғашқы қадамдарын жасайтын студенттер үшін өте маңызды. Бұл өмірге деген және біздің ісімізге деген үлкен мотивация. Әсіресе дебют үшін өте маңызды – ал біздер, қазылар алқасы үшін бұл үлкен жауапкершілік. Сондықтан сіз жүлде алдыңыз ба, жоқ па, маңызды емес - фильмді түсіріп шығарғаныңыздың өзі - жеңіс. Сол үшін де күресуді тоқтаптаңыздар, сонда ғана жеңіске жетесіздер», деді сахнадан халықаралық қазылар алқасының төрағасы Г. Овашвили.
Фестивальдің үздік қысқаметражды көркем фильмі номинациясында қазақстандық режиссер Роман Черниковтың «Нина» картинасы жеңіске жетті.
Сонымен бірге BASTAU SHORTS бағдарламасының қазылар алқасы келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады:
Үздік анимациялық қысқаметражды фильм – «Түн» Ахмад Салех, Палестина.
Үздік қысқаметражды деректі фильм – «Эверестті бағындыру» Бинода Адхикари, Непал.
Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – Азамат Бүкешовтің «Жаздың ең ұзақ күні», Қазақстан.
Ерекше аталым – «Алиф.До-ре-ми» Алиджон Джалилов, Тәжікстан.
BASTAU DOCS бағдарламасында бас жүлде вьетнамдық Ха Ле Димнің «Тұман балалары» атты деректі картинасына өзектілігі мен бейнесі, әлеуметтік проблеманың көрінісі және өңірімізге жақындығы үшін берілді.
Сондай-ақ, қазылар алқасы израильдік Шир Ньюманның «Үнсіздік туралы айту» картинасын ұрпақтар арасындағы диалог мүмкіндіктері мен жеке оқиға арқылы халық тарихына деген көзқарастың мағыналылығы үшін және бангладештік Хумайра Билкистің дәстүрлі қоғамдағы жеке бостандық тарихын іздегені үшін «Мен анама ешқашан айтпайтын нәрсе» картинасын ерекше атап өтті.
Халықаралық студенттік қазылар алқасы режиссер Максим Севриновскийдің «Ротшильд скрипкасы» атты ресейлік картинаға фестивальдің ең үздік қысқаметражды фильм атағын берді. Сонымен қатар, қырғызстандық Элдияр Мадаким түсірген «Сальвадор Дали» картинасы да ерекше аталып өтті.
Биыл фестивальде алғаш рет жұмыс істеген НЕТПАК қазылар алқасы өзбек режиссері Дилшодбек Усмоновтың "Монтаж" фильміне өз жүлдесін ұсынды, ал «Орталық Азияның үздік фильмі» ретінде «Бастау» фестивалі Президентінің арнайы жүлдесі режиссер Эрнест Әбдіжапаровтың «Әңгімеші» картинасына берілді. Туркиядан келген режиссер Мерт Хармандар «2300 шақырым» картинасы үшін «Көрермендер көзайымы» сыйлығын алды.
«Баршаңызға үлкен алғысымды айтқым келеді. Ең бастысы - кино мерекесі болып өтті. Осы бес күнде біз фестивальдан барлық қиыншылықтарды, наразылықтарды, түсініспеушіліктерді жеңетін күш-қуат алдық», деп қорытындылады фестиваль президенті Сергей Әзімов.
Биылғы жылы барлық Гран-прилерге ақшалай сыйлықтар да берілді. Естеріңізге сала кетсек, Х «Бастауға» 40-тан астам елден 60-қа жуық картина фестиваль марапаттары үшін бәсекеге түсті. Бұл фестивальдің өзіндік географиялық рекорды.
Жыл сайынғы осы кино мерекесін Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Tanaris Production» кинокомпаниясы ұйымдастырады. Фестивальдің серіктестері – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Тұран» университетінің Turan Film Academy жоғары мектебі және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
Алматыда ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 20:17
Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған азамат қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 19:55
Зейнетақы жинақтары желтоқсанда 260 млрд теңгеге өсті
Қаржы • Бүгін, 19:42
БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
Саясат • Бүгін, 19:32
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:13
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:05
Пәкістандағы мешітте жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 18:55
Үкімет басшысы «Digital Almaty 2023» форумына қатысады
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі тірідей өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 18:30
Ел азаматтары ЖШС-ні мобильді қосымша арқылы тіркей алады
Қазақстан • Бүгін, 18:14
10 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға дайын
Қоғам • Бүгін, 18:08
Қостанай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Түрікменстан елшісі «Егемен Қазақстанға» келді
Қоғам • Бүгін, 17:44
Астана - Анкара рейсіне билеттер сатыла бастады
Әлем • Бүгін, 17:23
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады
Саясат • Бүгін, 17:17
Доллар 460 теңгеден төмен түсті
Қаржы • Бүгін, 17:08
Өңірлермен тығыз қарым-қатынас орнату қажет - Мәулен Әшімбаев
Парламент • Бүгін, 16:55
Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді
Қазақстан • Бүгін, 16:47
Қаржы министрлігі банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 16:38
Парламент сайлауында азаматтардың 53,3 пайызы дауыс беруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 16:29
Ұлытау облысы спорт басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:12
Мұхтар Тілеуберді Оман Сұлтандығына ресми сапармен барады
Саясат • Бүгін, 16:03
Алматыға ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары келеді
Саясат • Бүгін, 15:51
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:48
Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді жақтайды
Қоғам • Бүгін, 15:38
Жетісу облысында фермерден заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 15:24
Былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардан 203 адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:16
Алматы облысында есірткі өндірісін ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Өскемендік ғалымдар жаңа жобаны қолға алды
Қоғам • Бүгін, 14:48
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:35
Ертең елордада Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Бүгін, 14:21
Астана әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:05
Өзбекстанда «Сергек» жүйесі іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 13:53
Астанада «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді
Елорда • Бүгін, 13:43
Жаңа Зелендияда су тасқынынан 4 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 13:32
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:18
Чехияның жаңа президенті сайланды
Әлем • Бүгін, 13:00
Қазақстанда ауасы ең лас қала аталды
Экология • Бүгін, 12:59
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Елде 16 мың адам алимент төлемей жүр
Қоғам • Бүгін, 12:52
Ұқсас жаңалықтар