Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2022

Штаттағы жағдай деп бағалап отыр: Петропавлда тұрғын және жеке үйлер жылусыз қалды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдағы жылу магистралінің ақау шыққан. Салдарынан 16 көпқабатты және 42 жер үй әлі жылусыз отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Штаттағы жағдай деп бағалап отыр: Петропавлда тұрғын және жеке үйлер жылусыз қалды

№15 жылу магистраліндегі технологиялық ақау салдарынан Қизатов, Заречная, Жеңіс, Жуков көшелеріндегі 16 көпқабатты үй мен Қизатов, Кірпішті, Заречная, Жеңіс, Жуков көшелеріндегі 42 жер үй жылусыз қалып отыр.

Қаланы жылумен қамтуға жауапты «Севказэнерго» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі арнайы бригада таңғы сағат 10.00-ден бастап жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

«Мамандар құбырларды ауыстыруға кірісті. Жылу желісі компаниясының жұмысшылары жедел әрекет етіп жатыр. Бұл үйлерді қайта жылуға жалғау қиындық туғызбауы қажет», деп жазылған баспасөз қызметінің мәліметінде.

«Севказэнерго» ондаған үй жылусыз қалса да, оқиғаны штаттағы жағдай деп бағалап отыр.