Руханият • 04 Желтоқсан, 2022

Кітап көкжиегі кеңейіп келеді

619 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Заңғар жазушы Әбіш Кекілбайдың «Адамды адам еткен кітап, адамзат еткен кітапхана» деген парасатты сөзі кітап пен кітапхананың біздің өміріміз үшін қаншалықты маңызы зор екенін түсіндіріп бере алады. Қалай десек те, біздің әр жетістігіміздің түп қайнары ғасырлар табы түскен, сарғайған парақтар мен соны сақтайтын «жүрегі бар үйлердің» еншісінде екені шындық.

Кітап көкжиегі кеңейіп келеді

Жаңа айды жақсылықпен ашқысы келген Ұлттық ака­де­миялық кітапханада Мә­де­ниет және спорт министрлігі­нің қолдауымен республика­лық «Жас кітапханашы – 2022: ­жаңа мүмкіндіктер уақыты» атты іскер­­лік кездесу өтті.

Аталған кездесудің мақ­саты – республикамыздың әр өңі­рінен жиналған жас кітапха­нашылардың өзара тәжі­ри­бе алмасуына ықпал ету, іскер­лік қабілеттерін дамыту. Жас маман­дардың таңдаған мамандығы туралы ойын бір жүйеге келтіріп, өнімді әрі сапалы жұмыс істе­уіне көмектесу. Іскерлік кез­десу аясында ашық диалог ала­ңы, TEDx форматында­ғы жас кітап­ханашылар кейстері­нің таныс­тырылымы, мобило­гра­фия, подкастинг негіздері, SMM-технологиялары. таргетинг, коммуникативті команда құру, «Қараңғыдағы диалог» мо­бильді және психология­лық тре­нингтері, әдеби PARTY, «Канн» фестивалінде гран-при иеленген қысқаметражды «Шәй» (Өзбекстан) фильмінің қазақ­ша тифлокоментарий нұсқасы, сон­дай-ақ «Жыл таңдауы – 2022» қорытындылау салтанаты да өз деңгейінде жалғасты.

Іс-шараға Назарбаев Уни­вер­ситеті ғылыми кітапханасы­ның бас сарапшысы П.Лапо, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мем­лекеттік басқару академиясы­ның баспасөз хатшысы Бибі­гүл Құламан, SMM менеджер Айгерім Ержанова, подкас­тер Елдар Құдайбергенов, мобилограф маман Нұржан Нұрлан­ұлы, психологтар Салтанат Әскер­бекқызы мен Вероника Бал­гарская, ақындар Салтанат Қайыр­бек, Шерхан Талап, Айзада Рахым­жанова, Аян Мейраш т.б. қаламгерлер мен студенттер, бір топ зиялы қауым өкілдері қа­тысып, өз ойларын ортаға салды.    

Бұл кездесуге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы кітапханасы, Назар­баев Университетінің ғы­лыми кітапханасы, Л.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің ғылыми кітапха­насы, Қазақстанның облыстық кітапханалары серіктес болды.

геп

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45