Футбол • 05 Желтоқсан, 2022

Англия әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катардың «Эль-Байт» стадионында Англия мен Сенегал құрамалары арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалының кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Англия әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті

Тұманды Альбион өкілдері Африка құрамасына жауапсыз үш гол соқты. Есеп - 3:0. 

38-минутта Джордан Хендерсон есеп ашты. 45+3 минутта Гарри Кейн есепті 2:0-ге жеткізді. Үшінші голды 57-минутта Букайо Сака соқты. 

Айта кетейік, 1/4 финалда ағылшындар Франция құрамасымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар