14 жасқа дейінгілер арасында астаналық Альбина Кәкенова жылды бірінші орынмен аяқтады. Үздік ондыққа ақтөбелік Ева Корышева (4-орын), астаналық Ариана Гогулина (8-саты) енген.
Ал 16 жасқа дейінгілер арасында алматылық Сафина Сафиуллина мен тағы бір елордалық Темірлан Кәрім көш бастап келеді. Қыздардан алматылықтар Данайя Аманғажиева алтыншы, Полина Слепцова жетінші, Айя Нұпбай оныншы сатыға жайғасқан. Бозбалалардан астаналық Вячеслав Куфельд үшінші, алматылық Тихон Сорокин сегізінші орында тұр.