Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2022

Екібастұздағы ахуал: 71 үйге жылу берілді

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жедел штаб басшысы-Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, проблемалы үйлердің жылу тораптарында жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді мамандар сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұздағы ахуал: 71 үйге жылу берілді

Қазіргі уақытта 71 көпқабатты проблемалық үйдің жертөлелеріндегі жылыту тораптарына жылу берілді.

Жедел штаб барлық зардап шеккен үйдің тізімін жариялады.

Айта кетсек, Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылды.