ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау барысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Кешенді жоспарға 675 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысаны кіретінін баяндады.
Оның ішінде 7 республикалық және 250 коммуналдық меншік объектісі, 262 ұлттық холдингтер мен компаниялар объектісі, сондай-ақ шамамен 150 ӘКК объектісі бар.
Бүгінде 141,7 млрд теңге тұратын 253 объект бәсекелестік ортаға берілді, 60 объект қайта ұйымдастыруға және жабылуға бағытталған, 146 объект – сауда-саттықта және тағы 216 объект – сату алдындағы дайындықта. Сату, қайта ұйымдастыру және жабу бойынша Кешенді жоспардың орындалуы 46%-ды құрайды.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, жекешелендіру тізбесін кеңейту үшін активтерді іріктеу критерийлері бекітілді. Осы критерийлер негізінде Кешенді жоспарға 170-тен астам нысан қосылып, өзектендірілді. Сонымен қатар жекешелендіру кезінде мемлекеттің мүдделерін сақтау үшін стратегиялық ұйымдардағы бақылау үлестерін сақтау көзделген.
Сонымен қатар, бүгінде коммуналдық кәсіпорындарды жекешелендіру тәсілі қайта қаралды. Мәселен, жоспардан халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін маңызды 200-ден астам әлеуметтік маңызы бар объекті (сумен, электрмен және жылумен жабдықтау) алынып тасталды.
Бұдан кейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев баяндама жасады.
Премьер-Министр жекешелендіру мәселелері мемлекеттік органдардың бірінші басшыларынының ерекше бақылауында болуы тиіс екенін атап өтті.
«Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сатуға қойылған әрбір объект бойынша Жол картасы әзірленді. Олар мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған. Активтерді бәсекелес нарыққа жоспарлы түрде шығаруды қамтамасыз ету қажет», деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар, Үкімет басшының айтуынша, объектілердің сату алдындағы дайындық сапасына да көбірек көңіл бөлу керек. Кешенді жоспарды толыққанды іске асыру үшін жекешелендіру процесінің ашықтығын арттыру қажет.
«Мемлекеттік органдар, өңір әкімдіктері, квазимемлекеттік сектор ұйымдары жоспарды нақты орындауы қажет. Жыл қорытындысы бойынша жұмыстарыңызға тиісті баға берілетін болады», деді Әлихан Смайылов.
Қорытындылай келе, Премьер-Министр «Самұрық-Қазына» қорына «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының IPO-сын сапалы өткізуді қамтамасыз етуді, ал Қаржы министрлігіне Кешенді жоспар объектілерінің сатылуына бақылауды күшейтуді тапсырды.
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:31
Үкіметте автожол желісі мен көлік инфрақұрылымын дамыту шарасы қаралды
Үкімет • Бүгін, 17:55
Елорда тұрғындары өткен жылы 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды
Қаржы • Бүгін, 17:32
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар