Елорда • 06 Желтоқсан, 2022

Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқу форматына көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

«2022 жылдың 6 желтоқсанында ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшуде»,  деп хабарлады елорданың білім басқармасынан.

Бұған дейін бірінші ауысымда оқитын 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері де ауа райына байланысты қашықтан оқуға көшірілген.