Оның айтуынша, Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау мәселелері маңызды. Осы ретте Президенттің тапсырмасына сәйкес Каспий теңізінде мемлекеттік табиғи резерват құру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде табиғи-ғылыми негіздеме (ТҒН) әзірленуде. Оны келесі жылдың қаңтарында алуды және одан әрі технико-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірлеуге кірісу жоспарланған.
Мемлекет басшысының балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін және жаңа облыстардың құрылуына байланысты балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына түзетулер енгізіледі. Сонымен қатар су тапшылығы мен әлемдік нарықтардағы ахуал бойынша қазіргі жағдайды ескере отырып, индикаторларды өзектендіру қажет.
«Бұл жұмысты біз бизнес және ғылым өкілдерімен бірлесіп жүргіземіз. Мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін Үкімет қаулысының тиісті жобасы келесі жылдың екінші тоқсанында енгізіледі», деді министр.