Қаржы • 06 Желтоқсан, 2022

Доллар бағамы 3 теңгеге көтерілді

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар бағамы 3 теңгеге көтерілді

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 3,07 теңгеге көтеріліп, 472,33 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 6 желтоқсандағы бір долларға арналған ресми бағамы 469,17 теңгені құрады.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 472,62 теңгеден сатып алынып, 475,76 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 473,27 теңге, сату – 477,11 теңге.