Әлем • 06 Желтоқсан, 2022

Моңғолия үкіметі отставкаға кетпейді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдегі жаппай наразылықтарға қатысты пікір білдірген премьер-министр Лувсаннамсрейн Оюун-Эрдэнэ биліктің реформалар жасауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Моңғолия үкіметі отставкаға кетпейді

Оның айтуынша, елдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің соңғы отырысында үкіметтің отставкаға кетуі және парламентті тарату тақырыбы қозғалмаған.

«Егер халық қолдаса, президент жүйелі реформаларды жүзеге асыруға дайын екенін айтты», деп түсіндірді үкімет басшысы. 

Шерушілер бұған дейін сайлау жүйесін реформалауды ұсынған. Бұдан бөлек 20-ға жуық талап пен ұсыныс айтылған.