Қазақстанда қымбатшылық ай сайын жоғары қарқынмен өсіп жатыр. Ұлттық статистика бюросы қарашаның қорытындысы бойынша жылдық мәндегі инфляция деңгейі 19,6%-ға жетті деп мәлімдеді. Бұл – 2010 жылдан бері тіркеліп тұрған ең жоғары көрсеткіш. Жалпы, жыл басынан бері тауарлар мен қызметтер бағасы орташа алғанда 18,9%-ға артты.

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
Базалық сценарийде биыл болжам бойынша жылдық инфляция 20-21% деңгейінде қалыптасады. Бағалау бойынша инфляцияның шарықтау шегі 2023 жылдың I тоқсанында болады деп болжанады
Инфляциямен күресетін негізгі құрал – базалық пайыздық мөлшерлеме тағы да қымбаттады. 5 желтоқсан күні Ұлттық банк базалық ставканы 16,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Ұлттық банк түсініктемесінде халықтың және кәсіпорындардың жоғары инфляциялық күтулері мен тұтынушылық кредиттің өсуі – күшейтуші проинфляциялық факторлар деп көрсетіледі.
«Базалық сценарийде биыл болжам бойынша жылдық инфляция 20-21% деңгейінде қалыптасады. Бағалау бойынша инфляцияның шарықтау шегі 2023 жылдың I тоқсанында болады деп болжанады. 2024 жылы ішкі сұраныстың өсуі және күтудің мейілінше баяу төмендеуінен инфляция 7-9% шегінде болжанады. Инфляцияның осы траекториясы инфляциялық жағдайдың жеңілдеуіне қарай және дәнді дақылдардың бағасы тұрақталған cоң инфляциялық күтулер төмендеп, тарихи орташа деңгейде болатын жағдайда күтіледі.
Бұл инфляцияның бұдан кейін нысаналы бағдарға жетуіне мүмкіндік береді. Инфляция бойынша болжам тәуекелдері геосаяси шиеленістің салдарына және оның одан әрі дамуына қатысты белгісіздікке, сауданы құрылымдық қайта құру кезеңінің ұзақтығына, инфляциялық күтудің жоғары және тұрақсыз болуына, жоғары азық-түлік инфляциясының сақталуына байланысты», делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Базалық ставканы өсіру осымен тоқтауы мүмкін. Өйткені хабарламада базалық мөлшерлемені көтеру циклы аяқталуға жақын деп мәлімделген.
«Базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі жеткілікті жоғары деп бағаланады. Базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы ағымдағы мәндерде сақтау инфляцияны тұрақтандыруға және оны ортамерзімді перспективада біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңа проинфляциялық күтпеген өзгерістер болмаса, ақша-кредит саясатын одан әрі қатаңдату ықтималдығы төмен деп бағаланады», деп жазылған.
Сарапшылар инфляцияның қарқынды өсіміне сыртқы факторлар себеп болып жатыр дегенді айтады. Мысалы, жеткізу тізбегінің бұзылуы – басты әсер етуші фактор. Логистикалық қиындықтарға байланысты кәсіпкерлер әкелген тауарына үстеме баға қосады. Бұл соңғы тұтынушыға жеткенше бірнеше есе қымбаттайды. Осылайша, еліміз тұтыну тауарларын шеттен сатып алу арқылы инфляцияны да қоса импорттап отыр.
Жалпы, ел арасында инфляцияның шынайы көрсеткішіне қатысты сенімсіздік бар екені белгілі. Олардың ойынша, бейресми инфляция шын мәнінде қазіргіден (19,6 пайыз) әлдеқайда жоғары болуы ықтимал. «Jusan Analytics» зерттеу орталығының басқарушы директоры Әнуар Қуандықовтың сөзіне қарағанда, ресми статистикаға сенімсіздік білдіруге негіз жоқ.
«Ресми инфляция халықтың жалпы тұтыну қоржыны бойынша есептеледі. Ол қоржынға тамақ өнімдерінің 160 түрі, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың 243 түрі және ақылы қызметтердің 105 түрі енеді. Тауарлар мен қызметтердің бағасы, өзгеру уақыты мен қажеттілігі әртүрлі. Сондықтан жалпы қымбатшылық пен жеке адамның түсінігіндегі қымбатшылық арасында айырмашылық болып тұрады. Біздің болжам бойынша жылдың соңына дейін бағалар 20,7-21,2%-ға дейін өседі. Мұнда тауарлардың барлық түрі қымбаттайды. Әсіресе азық-түлік тауарлары бойынша баға өседі. Өйткені олар арзандайтын маусым аяқталды», дейді орталық басшысы.
Сарапшы инфляцияны күшейтіп отырған сыртқы және ішкі факторларға да тоқталды.
«Әлемде азық-түлік пен қуат көздерінің бағалары өршіп тұр. Энергия тасымалдағыштардың қымбаттағаны Қазақстан үшін, әрине, тиімді. Өйткені біз оны экспортқа шығарамыз. Бірақ екінші жағынан бұл тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына жанама түрде болса да әсер етеді. Екіншіден, бізбен сауда жасайтын барлық әріптес мемлекеттерде инфляция жоғары. Геосаяси шиеленіске байланысты өндіріске қажетті шикізат пен дайын тауарды жеткізу жолдары қиындады. Оның үстіне, теңге әлсіз. Осының барлығы шетелден әкелінетін тауарлардың қымбаттауына жол ашады. Ішкі факторлар – бюджеттен бөлінетін шығындардың көбеюі және кредиттердің көптеп берілуі. Осының барлығы түптеп келгенде тауарлар мен қызметтерге деген сұранысты арттырады. Ең соңында қымбатшылыққа қатысты халықтың көңілсіз көзқарасы, уайымы қымбатшылықты одан әрі ушықтырып жібереді», деп түсіндірді Әнуар Қуандықов.
Оның айтуынша, инфляцияны ретке келтірудің басқа да жолдары бар.
«Негізгі шаралар ретінде Үкімет пен Ұлттық банктің өзара келісілген үйлесімді саясатын айтуға болады. Сонымен бірге теңгенің құбылмалы айырбас бағамын қамтамасыз ету маңызды. Ол сырттан және іштен келетін күйзелістерді өзіне сіңіріп, олардың экономикаға өтіп кетуіне жол бермейді. Технологиясы күрделі, терең өңделген дайын тауарларды өндіру арқылы экономиканы әртараптандыру керек. Бұл шетелден келетін инфляцияны тежеп, теңге бағамына оң әсерін тигізеді», деді сарапшы.
Сарапшылар базалық мөлшерлемені жоғарылатудан қорықпау қажет деген ой айтады. Пайыздық мөлшерлеменің өсуі несиені қымбат етеді, тиісінше депозитке ақша жинаудың тартымдылығы артады. Азаматтардың депозиттегі ақшасы бұрынғыдан да жоғары ставкамен көбейеді. Ал несие көп алынбаған соң нарықтағы тауарларға деген сұраныс та төмендейді. Сөйтіп, инфляция табиғи жолмен төмендейді. Ұлттық банктің ұстанымы осыған саяды.
«Ұлттық банк базалық ставканы 0,75 пайызға, қаржыгерлер тілімен 75 базисті пунктке көтерді. Енді автоматты түрде кредит қымбаттап, ал депозит тиімді бола түспек. Шамамен депозит мөлшерлемелері 18,25% көрсетуге тиіс. Қазақстан халқы ақшаны құрту моделінен кетіп, жинақтау үлгісіне толық ауыса ма? Бізде қазір 19,4 трлн теңге депозит бар. Оның 35,5 пайызы долларда. Базалық ставканың өсуі долларсыздандыруды күшейтіп, доллардағы салымдар үлесін азайтуға тиіс. Тиісінше теңге салымдары көбейеді», деп жазады Dalainside телеграм-каналы.
Ұлттық банктің базалық мөлшерлемеге қатысты саясатының нәтижесін келер жылы байқайтын боламыз. Ал базалық мөлшерлемеге байланысты келесі кезекті шешім 2023 жылы 13 қаңтарда жарияланады.
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:31
Үкіметте автожол желісі мен көлік инфрақұрылымын дамыту шарасы қаралды
Үкімет • Бүгін, 17:55
Елорда тұрғындары өткен жылы 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды
Қаржы • Бүгін, 17:32
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар