04 Маусым, 2014

Оқиғаға орайлас ой

253 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
Нұрлан ЖАЗЫЛБЕКОВӘлеуетімізді арттыруға деген мүмкіндік көзі Нұрлан ЖАЗЫЛБЕКОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты. Еуразиялық эко­но­микалық одақтың құ­рылуы, оған қатысушы елдердің барлығына, әсіресе, экономикалық жағынан тиімді. Одақ аз ғана уақыттың ішінде дүниеге келе қалған жоқ. Әріге назар салатын болсақ, оның бастауында Президентіміздің осыдан жиырма жыл бұрын М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік уни­верситетінде Еуразиялық одақ құру туралы бастамасы тұр. Бү­гін­де сол бастаманы жүзеге асыру қол­ға алынды деп айтуымызға болады. Еуразиялық экономикалық одақ елімізге, еліміздің халқына не береді дегенге келсек, бұл жерде біз ұтылмақ емеспіз. Осы Одаққа мүше болар алдында Қазақстан Ресей және Беларусь елдерімен Кеден одағында және Біртұтас экономикалық кеңістікте бірлесе жұ­мыс істеді. Уақыт инте­гра­циялық байла­ныс­тардың берері мол екенін көрсетті. Мә­се­лен, Кеден одағы­на қатысушы Қазақ­стан, Ресей және Бела­русь елдерінің эконо­микадағы жиынтық көле­мі 2,2 триллион долларды құ­рай­ды екен. Осы арқылы біз өзі­міз­дің әлеуетімізді көрсете аламыз. Біз әлеуетімізді қалай көр­се­теміз? Ол үшін тауарларымыз, өндіретін өнімдеріміз бәсе­ке­лестікке қабілетті және сұранысқа ие болуы керек. Бүгінде осыған нақты жұмыстар қолға алынып жатыр. Екінші жағынан, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты еліміздің Парламенті ратификациялауы қажет.

Ашық қағидаттарға негізделген

ЛМ-сЛәйлә МҰЗАПАРОВА, Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары. Мен 29 мамыр күні Ас­тана қала­сын­да Еура­зиялық эконо­ми­калық одақ құру тура­лы келісімге қол қойы­луы­ның тарихи маңызды­лығы туралы ой білдірген көптеген замандастарымыздың пікірлерімен келісе отырып, ЕАЭО-ның Еуропалық одақ немесе НАФТА секілді басқа да аймақтық жобалар қатарындағы ірі құрылым болуына барлық мүмкіндіктері бар екендігін атап өткім келеді. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ өзінің дамуы және интеграциялық тереңдеуі барысында және өз құрамына басқа мүше-мемлекеттерді тарту арқылы ұлғаюы негізінде өте ауқымды жаһандық жоба бола отырып, әлемдік экономикалық және саяси үрдістерге ықпал етуі, тіпті, жаһандық архитектураны өзгертуге қауқарлы болуы мүмкін. Біздің мұндай болжамдарымыз тек Еуразия аумағында орналасқан өте ауқымды табиғи және адами ресурстарға ғана негізделіп қоймай, сонымен қатар, оның айрықша географиялық орналасуына, яғни аймақтық және жаһандық деңгейдегі көліктік-логистикалық бағыттарды қалыптастыру әлеуетіне және Еуропа мен Азия арасындағы ірі сауда ағымын жинақтау мүмкіндігіне де негізделіп отыр. Әрине, Еуразиялық экономикалық одақтың жаһандық болашағына бірігіп отырған мемле­кет­тердің басшыларына тән сындарлы праг­матизм, өзіне деген сенімділік және ба­тыл­дық арқау болады. Тіпті, біз­дің елдер басшыларының бұл әрекетін Еуразия кеңіс­тігіндегі экономикалық интеграцияны ашық сынап отырған Батысқа берген батыл жауабы ретінде қарастыруға болады. Ал бұл әрекеттің барлығы да Еуразиялық экономикалық одақтың барлық мемлекеттер үшін толық ашықтығы және бір­қатар елдермен еркін сауда жа­сасу туралы келісімдер дайындау жағ­дайында орын алып отыр. Бүгін­гі таңда мұндай үлгідегі келі­сімдер жасау жөнінде қырық­тан астам ұсыныс түсіпті. Оның ішінде Еуропа еркін сауда қауым­дастығы (Исландия, Лих­тенштейн, Норвегия, Швейцария) және Вьет­нам, Израиль, Үндістан, Чили, Перу секілді елдер бар. Еуразиялық экономикалық одақ ашық қағидаттарға негіз­дел­ген. Ол интеграцияның ұлғаюына дай­ын, бірақ Грекия мен ЕО мыса­лына жүгінсек, болашақ жаңа мүше-мемлекеттердің даму деңгейіндегі ерекшеліктерді есепке алған дұрыс. Кез келген жағдайда да жаңа мүше-елдер ортақ ережелер мен стандарттарды іс жүзінде сақтауға қатысты міндеткерліктерді өз мойындарына алуға дайын болулары керек. АЛМАТЫ.

Кең өріс

Бейімбет Тілепқалиев БҚО Ақжайық ауданы, Алғабас ауылы, шаруа қожалығының жетекшісіБейімбет ТІЛЕПҚАЛИЕВ, «Сұлтанмұрат» шаруа қожалығының жетекшісі. Белгілі бір елдегі азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сапасы сол мемлекет экономикасының деңгейі және мүмкіндігі арқылы анықталады. Бұл дәлелдеуді қажет ет­пейтін аксиома. Экономи­касы әлсіз, артта қалған ел тұрғын­дары­ның тұрмыстық жай-күйі де нашар болатыны мәлім. «Елде болса, ерінге тиеді» де­мей ме дана халқымыз. 29 мамыр­да қол қойылған Еуразиялық эко­но­микалық одақ құру туралы Шарт­тың түпкі мәні мен мағынасы осын­дай халықтық қағида мен түсі­ніктен алысқа кетпейді деп ойлаймын. Сондықтан экономикалық мүм­кін­дікті көтеру арқылы халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын өркен­детуге жол ашу кез келген мем­лекет басшыларының бас­ты парызы болып қала бермек. Мі­не, осындай ізгі мақсатты көзде­ген маңызды тарихи шараны кеше­гі күні Беларусь, Ресей және Қазақ­стан басшылары жүзеге асырды. Әрине, қай елде болмасын, ырыс пен игілік көздері бір демде орныға қал­майтыны табиғи жайт. Бұған, біріншіден, қа­жетті алғышарттар мен қозғаушы күштер керек. Соның ең басты­ларының бірі – елдерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайдың жасалуы. Интеграциялық одақ, міне, осындай ортаның қалыптасуына, сөйтіп, өз кезегінде, еңбек ресурстары нарығының бірігуіне септігін тигізбек. Әрі осы арқылы жаңа жұмыс орындарының көбеюіне кең жол ашылмақ. Бұл мәселелер елдердің экономикалық мүмкіндіктерін көтерудің басты бір бағыты демекпін. Түйіп айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асқан Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы елдердің қарапайым тұрғындары мен ауылдардағы тауар өнді­ру­шілерге жаңа мүмкіндіктер тудыратынына менің де сенімім мол. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алғабас ауылы.

Интеграция мәні – мүддеде

Султан акимбековСұлтан ӘКІМБЕКОВ, Қазақстан Республикасы Тұңғыш  Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры. Қазақстан үшін қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болу мейлінше сәтті жетістік болып есептеледі. Мемлекет Кеден одағы аясында қоғам мен бизнес өкілдіктері тарапынан кездесетін көптеген мәселелерді осы қадамымен әдемі ыңғайластырып отыр. Бұл – кейінгі 3 жылда жиған тәжірибеміздің жемісі. Кедендік одақ ауқымындағы қатынастарымыз интеграцияның олқы соғып жатқан жерлері мен шешімі табылуы шарт мәселелердің ретін айқындап берді. Соның нәтижесінде Қазақстан көптеген түйткілдердің бетін ашып, мемлекет тәуелсіздігіне жанаспайтын тұстарды күн тәртібінен алып тастады. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақтың бағдарламасына ортақ парламент, ортақ азаматтық, әскери-шекаралық секілді саяси маңызы бар баптар кіргізілген жоқ. Интеграцияның мәні мен маңызы болып саналатын экономика саласында қазақстандық келіссөз иелері өздерінің ұстанымдарын барынша бекемдегенін айтқым келеді. Келіссөздер өте тартыс­ты өтсе де біздің мемлекетіміз осыдан 3 жыл бұрынғы қалпымыздан да тиімді жағдайға қол жеткізіп отырмыз. Нақты шеші­мі табылмаған, әлі де бір пәтуаға келмеген мәселелер бұдан әрі де қозғала беретін бола­ды. Сондықтан да Еу­разиялық экономикалық одақ интеграциясы ұзақ жылдарға бағытталған тоқтаусыз үдеріс және еліміз өз мүд­десі үшін барлық өзара келі­сімдер мен қатынасты өз ыңғайына икемді етіп жүргізе беретін болады. Бұл интеграцияда біздің мақ­сатымыз айқын. Теңіз порттарымен шектеспейтін, әрі құрлық кіндігінде орналасқан Қазақстан үшін көршілес елдермен экономикалық қатынасты күшейтіп, өз мүддесі жолында үлкен рынокқа шығатын елдермен тығыз байланыста болу керек. Бұл дегеніңіз бізді сыртқы әлеммен байланыстыратын үлкен мүмкіндік, экономикалық дәліз. Осы ретте Қазақстанның маңызды стратегиялық салаларының бірі – тасымалдау әлеуетін арттыру екендігін ескере отырып, келешекте Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылуға бағыт алған тұста Еуразиялық экономикалық одақ мәселесін оңтайлы шешу үлкен жетістік екенін салиқалы түсіністікпен қабылдауымыз керек. АЛМАТЫ.

комір

Екі елге ортақ Екібастұз көмірі

Щукин В.К.Виктор ЩУКИН, «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры. Екібастұз. Екібастұздағы «Бо­гатырь Көмір» кө­мір өн­діретін алып ком­пания­ның басшы­лығы және жұмыс­шы­лар ұжы­мы Елба­сы Нұр­сұл­тан Назар­баев­тың елімізді дамуға, өркен­деуге қарай бас­тай­тын сындарлы саясатын әрқа­шан­да қолдайды. Сонымен қатар, мемлекеттер арасындағы ықпал­дастықтың жаңа көкжиегі – Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясының бастамашысы екендігі бізге жақсы белгілі. Интеграция арқылы өрлеу, даму жолы – бұл жаңа заман талабы. Яғни, еуразиялық бұл бастама тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге, жалпы осы Одақ құрамына қатысушылардың мәдени және рухани салаларындағы да ықпалдастық, ынтымақтастық беріктігін нығайтады. Ал өн­діріс, жаңа технологиялар, ин­новациялық-индустриялық да­му мәселесіне келсек, онда Еу­разиялық экономикалық одақ құру мақсатында қазақстандық кәсіпорындар алдында дамудың және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіншіліктері ашылады деген сөз. Оның ішінде мысалы, біздің көмір өндіретін «Богатырь Көмір» серіктестігін айтуға болады. Қазіргі уақытта еліміздегі Қа­зақ­стан-Ресей бірлескен «Сам­ұрық-Энерго» АҚ-пен «РУСАЛ» бірлескен компания­сы – «Богатырь Көмір» ЖШС ашық тәсілмен көмір өндіретін, сер­пін­ді түрде дамып келе жатқан компания. Еліміздегі көмірдің 40 пайыз­дан аса үлесі Екібастұздың көмі­ріне тиесілі. Әлемге әйгілі Екі­бас­тұз көмірімен бүкіл қазақ­стан­дықтар мақтана алады. Негізгі көмір өн­діру жұмыстары серіктес­тіктің «Богатырь» жә­не «Северный» кеніш­терінің ашық алаң­дарында жүргізілуде. Екі кеніштің жалпы, өнеркәсіптік қоры 3 млрд.-қа жуық тоннаны құрайды. Бүгінгі күндері «Бо­гатырьдің» көмірімен елі­міздің 14 электр стансалары жә­не өнеркәсіптік кәсіпорындары, сонымен бірге, Ресейдің 6 элек­тр стансасы жұмыс жасау­да. Екі­бастұз МАЭС-1 және МАЭС-2, ақ­молалық, алматылық, қара­ған­дылық ЖЭО, Рефтинск, Троицк, Верхнетагиль, Серов МАЭС-тері «Богатырьдің» тұтынушылары болып табылады. Ал, болашақта еуразиялық ықпалдасу арқылы Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайта отыра, өндірістің даму үрдісі – өндірілетін өнімнің тұ­тынушыларына таралуын кеңей­туге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Бұл, әрине, кәсіпорын үшін пайдалы. Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі барлық өндірістік алып кәсіпорындар алдына алдағы уақытта құрылайын деп отырған Еуразиялық экономикалық одақ мақсаты бойынша нақты бағыт қойды, яғни Ресей экономикасының маңыздылығына ден қоя отыра, 2050 жылы әлемнің ықпалдасу бірлестіктері көшбасшыларының бірінші үштігіне қосылу мақсат етіліп отыр. Сондықтан, біздің міндетіміз – Президент алға қойған жарқын міндеттерді орындауға үлес қосу, жаңа ықпалдасу кеңістігінің құрылуына бірлесіп қолдау көрсету деп ойлаймын.