Бүгінде қазақстандық қор нарығындағы ең ірі «ҚазМұнайГаз» IPO-сын Қазақстандағы алғашқы «цифрлық» IPO деп атауға болады. Себебі акцияларды сатып алу бойынша өтінімдердің 99%-ы онлайн режимде берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық IPO нарығы 2019-2021 жылдардағы тыныштықтан кейін қайтадан жанданды. Бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы маусымда өткен «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысында сөйлеген сөзі әсер етті. Мемлекет басшысы бұдан кейін отандық ұлттық компаниялардың IPO-ға шығуы мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналатынын айтқан.
«Еліміздің қарапайым азаматтары Ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге және салымдарынан өз дивиденттерін алуға мүмкіндігі болуы тиіс. Дәл осындай жолмен халықтың инвестициялық мәдениеті қалыптасады. IPO-ға қатысу Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қолжетімді болуы қажет», деді Президент.
Жаңа жағдайларда IPO-ға ең бірінші болып шыққан ұлттық компания еліміздің ең ірі мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» болды. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 9 қарашасында басталып, институционалдық инвесторлар үшін 30 қарашада, ал бөлшек инвесторлар үшін 2 желтоқсанда аяқталды. Халықтық IPO форматы толығымен сақталды. Бөлшек инвесторларға – Қазақстан азаматтарына басымдық берілді.
Айта кетейік, акцияларды орналастыру екі платформада өтті – Astana International Exchange (AIX) және Қазақстан қор биржасы (KASE).
«ҚазМұнайГаз» акцияларының 48,5%-ын кімдер сатып алды?
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, инвесторлар «ҚазМұнайГаз» акцияларын сатып алуға 129 мың өтінім беріп, жалпы сомасы 181 млрд теңге қаржы ұсынылған. Келіп түскен өтініштерді талдау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 153 миллиард теңгеден астам сомаға өтініштерді қанағаттандыру туралы шешім қабылданды. Бұл компанияның жалпы капиталының 3 пайызын құрайды. Өтініштердің басым бөлігін (48,5%) Қазақстан азаматтары берген.
Ең шалғай елді мекендердің тұрғындары IPO-ға қатысты
AIX биржасы «ҚазМұнайГаздың» IPO-сы үшін Tabys мобильді қосымшасы және Қазақстан бойынша 1000-нан астам Қазпошта бөлімшелері арқылы тікелей жазылу құралын іске қосты.
Tabys – 2020 жылы Қазақстан азаматтары үшін қор нарығына қолжетімділікті арттыру мақсатында АХҚО биржасы әзірлеген мобильді қосымша. Онда құрылымдық бағалы қағаздарды 1000 теңгеден бастап төмен бағамен сатып алуға болады. IPO қарсаңында АХҚО биржасы қосымшаға тікелей жазылым функциясын қосты. Бұл құрал IPO-ға мүмкіндігінше көп азаматтар қатысуы үшін бұдан бұрын шетелде қолданылып келген. Сонымен қатар Қазпоштамен интеграцияның арқасында қазақстандықтар ҚМГ акцияларына өтінімді бүкіл ел бойынша автоматтандырылған кеңселерде қалдыруға мүмкіндік алды. Тікелей жазылу аясында инвесторлар акцияларды сатушыға – «Самұрық-Қазына» қорына тікелей өтінім берді, бұл процесті айтарлықтай жеңілдетіп, жылдамдатты. Соның арқасында брокерлік компаниялардың өкілдері жоқ ең шалғай елді мекендердің тұрғындары IPO-ға қатыса алды. Тікелей жазылу географиясы Қазақстанның барлық аймағын қамтиды. Инвесторлар арасында тіпті әкімшілік карталарда белгіленбеген шағын ауылдардың тұрғындары да бар.
Tabys және Қазпошта арқылы тікелей жазылу танымал әрі сұранысқа ие құрал болып шықты. Осы әдіспен жалпы сомасы 1 миллиард 50 миллион теңге болатын 6 мыңға жуық өтінім берілді, ал ең үлкен өтінім шамамен 19 миллион теңгеге бағаланды. Бұл жалпы Қазақстандағы инновациялық құралдар мен бөлшек инвестицияның әлеуеті қаншалықты зор екенін көрсететін феноменальды көрсеткіш. Сонымен қатар Tabys қосымшасында жаңадан келген инвесторлардың (шамамен 6000) айтарлықтай өсуі байқалды, IPO олар үшін алғашқы тәуелсіз инвестициялық тәжірибе болды.
Қарт адамдар «Қазпошта» бөлімшелерінде тікелей жазылуды пайдаланғанды жөн көрді. Ең қарт акция иеленушілері – 91 жастағы қызылордалық қария мен 81 жастағы атыраулық әжей.
Сонымен қатар барлығын соңғы сәтке дейін қалдырып үйренген қазақстандықтар үшін тікелей жазылу тамаша мүмкіндік болды. Техникалық себептерге байланысты брокерлердің көпшілігі өтініштерді қабылдауды белгіленген мерзімнен бірнеше сағат бұрын жауып тастаса, Tabys пен Қазпоштада тікелей жазылу үшін өтініштер соңғы минутқа дейін қабылданды.
IPO өтті. Әрі қарай не болады?
Халықтық IPO-ға қатысқандар үшін бұдан әрі әрекет етудің екі жолы бар: бұл акцияларды инвестициялық портфелінде ұзақ уақытқа қалдырып, дивидендтер алу немесе акциялар құнының өсуін күтіп, сату. Компанияның акцияларын қайталама нарықта – өзіңіздің брокеріңіз арқылы сатып алуға болады.
«Біздің мақсатымыз – әл-ауқат пен қаржылық сауаттылық деңгейіне қарамастан, Қазақстанның барлық азаматы үшін қор биржасында сауда жасауды жеңілдету», дейді Astana International Exchange биржасының басқарма төрағасы Ренат Бектұров.
Сондықтан AIX биржадағы акцияның сауда-саттық комиссиясын 5 есе қысқартып, 2023 жылдың наурыз айына дейін «ҚазМұнайГаз» акцияларының саудасы үшін комиссияларды алып тастады. Өтімді акциялар, оның ішінде Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ компаниясының акциялары дивидендтерге салынатын салықтан босатылады. Сонымен қатар AIX бағалы қағаздары сатудан түскен табыс пен купондық табысқа салынатын салықтардан босатылады.
Барлық AIX сауда деректері (нақты уақыттағы және тарихи) биржа сайтында тегін қолжетімді. Инвесторлар кез келген бағалы қағаз бойынша оның листингтен өту сәтінен бері сауда әрекетін оңай бақылай алады.
«ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, KASE және AIX қор биржаларының тізіміне ену ҚМГ даму тарихындағы жаңа кезеңді білдіреді.
«Қазақстанның қор нарығындағы ең ірі деп танылған ҚМГ IPO-сын Қазақстандағы алғашқы «цифрлы» IPO деп те атауға болады. Өйткені акцияларды сатып алуға өтінімдердің 99%-ы онлайн берілген. Инвесторлардың біздің компанияға деген қызығушылығына қуаныштымыз. Бұл «ҚазМұнайГаздың» Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы ретіндегі орнын және инвесторлар қауымдастығының біздің компаниямыздың одан әрі өсуі мен даму мүмкіндігіне деген сенімін растайды», деді М. Мырзағалиев.
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:31
Үкіметте автожол желісі мен көлік инфрақұрылымын дамыту шарасы қаралды
Үкімет • Бүгін, 17:55
Елорда тұрғындары өткен жылы 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды
Қаржы • Бүгін, 17:32
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар