Қаржы • 07 Желтоқсан, 2022

Доллар бағамы тағы көтерілді

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

Доллар бағамы тағы көтерілді

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,54 теңгеге көтеріліп, 473,54 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 7 желтоқсандағы бір долларға ресми бағамы 472,33 теңгені құрады.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 472,45 теңгеден сатып алынып, 475,74 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 474,33 теңге, сату – 478,06 теңге.