Серік Әділбаев Қазақ аграрлық университетін бітірген, әр жылдары орман шаруашылығы мекемесінде және қаланың табиғатты қорғау инспекциясында жұмыс істеген. Коммуналдық салада да еңбек етті.
2016-2021 жылдар аралығында Бостандық ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2021 жылдан бастап орынбасары, 2022 жылдың наурыз айынан бастап экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарған.