Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2022

Ауыл жастарының IV форумы өтті

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордада ауыл жастарының IV форумы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл жастарының IV форумы өтті

Іс-шараға «Ауыл» партиясының жастар қанатының мүшелері, ауыл жастарының белсенді өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, студенттік омбудсмен қатысты.

Форум жұмысын аша отырып, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік шешімдер қабылдауда жастардың пікірінің маңыздылығын атап өтті.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төртінші жыл қатарынан дәстүрлі түрде ауыл жастарының форумын ұйымдастырып келеді. Осы уақыт ішінде ауыл жастары елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатыса бастады. Биылғы форумның ерекшелігі, жастар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы үшін өз ұсыныстары мен идеяларын ұсынады», деп атап өтті Әли Әбдікәрімұлы.

Форум аясында жастар «Ауыл» партиясын дамыту бағдарламасын дайындау бойынша өз ұсыныстарын ұсынды, олар алдағы уақытта партияның бағдарламалық құжаттарына айналады.

Сондай-ақ іс-шараға ауылдық бизнес өкілдері қатысты. Медициналық тауарлар өндірумен айналысатын жас ғалым, кәсіпкер Алмас Мұхаметов ауылда бизнесті дамыту маңыздылығын атап өтті. Қазір Алмас Мұхаметов медициналық бұйымдар шығарып, Алматы облысындағы ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыруда.

Өз кезегінде Ақмола облысы Целиноград ауданы Приреченка ауылдық округінің жас әкімі Мейірхат Жанділдин ауылды басқару тәжірибесімен бөлісті.

Ауыл балаларының қалада бейімделуі бойынша негізгі мәселелер қарастырылды. Форумға қатысушылар «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу қажеттігі туралы «Ауыл» партиясының ұстанымымен келісті.

Іс-шара соңында ауыл жастарының мәселелері, ауыл жастарын дамыту және қолдау, елімізде оңтайлы жастар саясатын қалыптастыру мәселелері талқыланды.