Каспий теңізінің Дағыстан жағалауында итбалықтардың жаппай қырылуына байланысты Әзербайжан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері теңізде мониторинг жүргізді.
Биоәртүрлілікті қорғау қызметінің басшысы Фируддин Әлиевтің айтуынша, іс-шаралар барысында Хачмаз ауданында, Истису ауылы маңында, Тиканлыоба, Сейдли және Набран ауылдарында барлығы 17 итбалық өлексесі табылған.
«Әзербайжанның азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің мамандарымен бірлесіп итбалықтардың қырылу себептерін анықтау үшін өлекселерден сынамалар алынады. Қосымша ақпарат халыққа жеткізіледі», деді ол.