Қазақстан • 08 Желтоқсан, 2022

«Қазақстан темір жолы» түбегейлі реформаларға мұқтаж - сенатор

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Бауыржан Қаниев еліміздің теміржол саласын реформалау қажет деп санайды. Депутат Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында еліміздегі теміржолдың проблемаларын айтып, оларды шешу жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан темір жолы» түбегейлі реформаларға мұқтаж - сенатор

Сенатордың айтуынша, бүгінгі таңда «Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрам паркінде 2 228 вагон бар, олардың 35%-ының пайдалануға берілгеніне 28 жылдан асып кеткен. Тальго вагондарын есептемегенде жолаушылар вагондары орташа есеппен 63%-ға, ал локомотивтер 67%-ға тозған.

Сенатор өзінің депутаттық сауалында ішкі жүк тасымалының қымбаттығы мәселесін де көтерді. Ол тауарлардың түпкі құнын арттыруға ықпал етеді. Мәселенің мәні мынада: «ҚТЖ» АҚ меншігінде барлығы 170 тиеу-түсіру тұйықтары бар, ал олардың жеке меншіктегі саны 3 600-ден асады. Сенатордың пікірінше, ол жердегі тарифтердің бақылаусыздығы мен алыпсатарлық әрекеттер теміржол жүктері бағасының айтарлықтай қымбаттауына әкеліп отыр.

«Темір жол тасымалының әлеуметтік-экономикалық маңызы мен транзиттік әлеуетін ескере келгенде «Қазақстан темір жолы» АҚ түбегейлі реформаларды қажет етеді. Осы мәселелерді шешуді, ең алдымен, саланың тәжірибелі мамандарын басшылық лауазымдарға тағайындаудан бастаған жөн деп санаймыз. Елімізде мемлекеттік активтерді жекешелендіру салдарынан болған жағымсыз жағдайларды ескере отырып, жекешелендірілген тұйықтарды, багаж бөлімшелерін «Қазақстан темір жолы» АҚ меншігіне қайтару қажет», деді депутат.