Оқиға • 09 Желтоқсан, 2022

Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртенді

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы Каспий теңізінің жағалауында қамыс алқаптары қайтадан өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртенді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дамба ауылынан 30 шақырым жерде Каспий теңізінің жағалауындағы «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өртенген.

Жер бедері батпақты болғандықтан бұл жерлерге техника кіре алмайды. Өрт сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды, сонымен қатар Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 11 қызметкері мен 2 техникасы жұмысқа кірісті.  Желдің бағыты – Каспий теңізіне қарай, сондықтан елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.