Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2022

Президент Жарлығы: Жаңадан тағайындалған және қызметінде қалған әкімдер

546 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Елімізде Мемлекет басшысының Жарлығымен мегаполистер мен облыстардың әкімдері тағайындалған еді. Назарларыңызға облыс және республикалық деңгейдегі қала әкімдері туралы қысқа дерек ұсынамыз. 

Президент Жарлығы: Жаңадан тағайындалған және қызметінде қалған әкімдер

Жетісу облысының әкімі болып Бейбіт Исабаев тағайындалды.

ы

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 1962 жылы Алматы облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Мамандығы – журналист, халықаралық қатынастар маманы. Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар, саяси ғылымдардың кандидаты.

Атырау облысының әкімі лауазымына Серік Жамбылұлы Шәпкенов тағайындалды.

ф

Серік Жамбылұлы 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.

Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі қызметіне қайта тағайындалды.

ф

Мұрат Әйтенов 1981 жылы туған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» және заңтану. Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған. 2020 жылдың қаңтарынан бері Шымкент қаласының әкімі болып қызмет етуде.

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

ф

Сапаров Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1984 жылы совхоздың бухгалтері болып бастаған. «Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болып қайта тағайындалды.

ф

Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы 24 ақпанда Алматы облысы Шелек ауданы Қаратүрік ауылында дүниеге келді. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі. Еңбек жолын 1997 жылы Салық бөлімінің заңды тұлғаларды тексеру бөлімінің бірінші санатты маманы болып бастаған. 2022 жылдың 11 маусымынан бері Алматы облысының әкімі болып қызмет етуде.

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінде қалды.

ф

Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда дүниеге келген. 1988 ж. – Е. А. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1994 ж. – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтын тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы.  2022 жылғы 31 тамыздан бері Ақтөбе облысының әкімі болып қызмет етуде.

Мемлекеттік наградалары: «Достык» II дәрежелі ордені, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медалі.

Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

ф

1965 жылдың 24 тамызында, Қостанай облысының Ленинск ауылында дүниеге келген. 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлік институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.  2017 жылғы 14 наурыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

ф

Дархан Амангелдіұлы 1974 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарған. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болған. 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып қызмет етті. 2022 жылдың тамызынан бері Түркістан облысының әкімі қызметінде.

Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

ф

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты. Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.  2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келді.

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі қызметінде қалды.

ф

Нұрлан Ұранхаев 1965 жылғы 4 мамырда дүниеге келген. В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында «инженер-механик» мамандығын, Қазақ қаржы-экономикалық институтында «экономист-менеджер» мамандығын, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «инженер-құрылысшы» мамандығын оқыған. Еңбек жолын 1987 жылы Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде шебер, прораб болып бастаған.  2022 жылдың маусымынан Абай облысының әкімі болды. Ол осы қызметке Президент жарлығымен қайта тағайындалды.

Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

ф

Нариман Төреғалиев 1964 жылы 19 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Есенсай ауылында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1990) инженер-экономист, Каспий қоғамдық университетін (2004) заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын «ХVІІІ Партсъезд» атындағы ауылшаруашылығы бірлестігінің экономисті, бас экономисті (1990-1995) болып бастады. Бұған дейін Парламент Сенатының депутаты болды.

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

ф

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде туған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. 2017 жылы «Өңірлік және муниципиалдық менеджмент» мамандығы бойынша MBA дәрежесін РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (Мәскеу қ.) қорғаған. 10 кітаптың және қазақстандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.  2022 жылдың маусым айынан бастап Ұлытау облысының әкімі.

Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды.

ф

Нұржан Нұржігітов 1967 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. 1991 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын «Инженер-механик», 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры. Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы Максим Горький атындағы колхозында механик болып бастаған. 2021 жылдың сәуір айында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

ф

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев 1967 жылы туған. Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Халықаралық қатынастар университеті» Мәскеу мемлекеттік институтын тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан. Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған. 2021 жылдың қыркүйегінен бері Маңғыстау облысының әкімі болып еңбек еткен. Ол осы лауазымға қайта тағайындалды.

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

ф

Ермек Маржықпаев 1969 жылы 29 тамызда дүниеге келген. 1994 ж. –  С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын бітірген. 2001 жылы, 2009 жылы Көкшетау университетін тәмәмдаған. Еңбек жолын орта мектепте ұстаздықтан бастаған. 2019 жылдың 19 наурызынан бері Ақмола облысының әкімі қызметін атқарып келеді.

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінде қалды.

ф

Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы – Алматы қаласындағы О. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірген. Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.  2019 жылғы 25 ақпанынан бастап 2022 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы. 2022 жылғы 31 қаңтарынан бастап Алматы қаласының әкімі болып қызмет етіп келеді.

Байханов Асайын Қуандықұлы Павлодар облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

ф

Байханов Асайын Қуандықұлы 1978 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Асайын Байханов еңбек жолын Қазақстандағы еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) бағдарламасы бойынша банк секторында жұмыс істей бастады. Алдымен Екібастұзда несие сарапшысы болды, кейін Алматыда ЕҚДБ бағдарламасының бас офисінің бөлім бастығына дейін өсті. Кейін Байханов Procredit Holding AG неміс халықаралық банк холдингінде жұмыс істеді, соның ішінде оның украиналық қаржы мекемесінің (Киев) атқарушы директоры болды. Қазақстанға оралғаннан кейін Асайын Байханов «Нұрбанк» басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

ф

Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы. 2014 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Ермағанбет Қабдұлұлы Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

п

Ермағанбет Бөлекпаев 1975 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды облысы Шет ауданы Успенка ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы «Казкоммерцбанк» ААҚ Теміртау филиалында экономист қызметінен бастаған.  2018 жылдан 2020 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Қарағанды қаласының әкімі болып тағайындалды.

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.

ф

Жеңіс Махмудұлы Қасымбек 1975 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша аяқтады. 2001 жылы Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында тағылымгер-зерттеуші болып бастаған.  2019 жылғы 25 ақпанда Премьер-Министрдің орынбасары болды. 2019 жылғы 19 қыркүйекте Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды.