Білім • 09 Желтоқсан, 2022

Қазақстандық оқушылардың демалыс кестесі жарияланды

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы оқу жылында қазақстандық оқушылар үшін 173 оқу күні және 192 демалыс күні қарастырылған, деп жазады Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық оқушылардың демалыс кестесі жарияланды

Оқу-ағарту Ммнистрлігі жариялаған мектеп демалысының күнтізбесіне сәйкес, балалар қыста 9 күн демалады. Бұл қысқы  демалыс күндері 2022 жылдың 31 желтоқсанынан 2023 жылдың 8 қаңтарына сай келіп тұр. 

Ал көктемгі демалыста оқушылар 18-26 наурыз аралығында 9 күн демалады. Жазғы демалыс 1 маусымнан 31 тамызға дейін 92 күнге созылады. Бірінші сынып оқушылары үшін демалыстың қосымша 7 күні қарастырылған, ол 6-12 ақпан аралығында.