Бірінші кездесуде турнирдің басты фавориттерінің бірі Бразилия Хорватиямен кездеседі. Ойын ережелерін ФИФА-ның төрешісі Майкл Оливер бақылауда ұстайды. Матч Астана уақытымен сағат 20:50-де басталады.
Тағы бір кездесуде Нидерланды мен Аргентина құрамалары кездеседі. Бас төреші болып испандық Мигель Матеу Лаос тағайындалды. Ойын «Лусаил» стадионында өтеді. Тартысты матч сағат 00:50-де басталады.