Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2022

Алматы облысында пәтер ұрылары ұсталды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының полицейлері пәтер ұрыларының тобын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында пәтер ұрылары ұсталды

Жергілікті полицейлер пәтер ұрыларын 7 желтоқсанда ұстаған. 1994, 1995 және 1986 жылғы күдіктілер бұрын бірнеше рет сотталған Жамбыл ауданының тұрғындары болып шықты.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Іле ауданының Полиция басқармасында тіркелді.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.