Ауыр атлетика • 10 Желтоқсан, 2022

Ауыр атлетика: Қазақстан әлем чемпионатының алғашқы медалін жеңіп алды

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Боготада (Колумбия) өткен әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыр атлетика: Қазақстан әлем чемпионатының алғашқы медалін жеңіп алды

фото: olympic.kz

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Чуркин 323 келі нәтиже көрсетті (жұлқа көтеруде 153 және серпе көтеруде 190).

Алтын жүлдені индонезиялық Рахмат Абдулла иеленді. Ол 352 келі (152+200) салмақта нәтиже көрсетті. Күмісті оның отандасы Ризки Джуньянсях еншіледі.