Оқиға • 11 Желтоқсан, 2022

Қарағандыдағы жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 1 адам қаза тапты

667 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыдағы жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыдағы жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 1 адам қаза тапты

Ведомство мәліметінше, 9 желтоқсанда сағат 12.19-да Петрозаводская көшесіндегі Бөкейханов атындағы ауданда өрт шыққаны туралы ақпарат түскен.

«Тұрмыстық газ баллонынан (50 литр) газ-ауа қоспасы шығып, 70 шаршы метр аумақта өрт тұтанған. Өрт сағат 13.07-де сөндірілді», деді қалалық ТЖ департаментінен. 

Өрт салдарынан 1952 жылғы ер адамды, 1953 жылы туған әйел мен 8 жасар баланы күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен ер адам бүгін ауруханада көз жұмды.