Қысқы спорт • 12 Желтоқсан, 2022

Морозова күміс алды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канаданың Калгари қаласында коньки спор­тынан өтіп жатқан Әлем кубогінің ке­зеңдік сайысында қазақстандық На­деж­да Морозова өз жанкүйерлерін қуант­ты.

Морозова күміс алды

«Үйеңкі жапырақтар елінде» 1 500 метрлік қашықтықта жерлесіміз күміс медаль иеленді. Оның көрсеткіші – 1:52.823. Морозова Михо Такагиден ғана қалып қойды. Әрине, ондай мықты спортшымен иық тіресу оңай болмағаны анық. Қанша дегенмен жапон қызының Олимпия ойындарының екі дүркін жеңімпазы, төрт дүркін күміс және бір мәрте қола жүлдегері деген атақтары бар. Сондай-ақ Такаги әлем чемпионаттарында да талай рет топ жарған. Ал Олимпиаданың төрт дүркін жүлдегері, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы нидерландтық Антуанетта де Йонгке қола медаль бұйырды.

Бұл Надежда Морозованың биылғы маусымдағы алғашқы жүлдесі емес. Осыдан бір апта бұрын Квебек қаласында өткен «Төрт құрлық турнирінде» жерлесіміз

1 500 метрлік қашықтықта алтыннан алқа таққан еді.