Президент • 12 Желтоқсан, 2022

Президент Екібастұздықтарға шыдамдылық танытқаны үшін алғыс айтты

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Екібастұздықтарға шыдамдылық танытқаны үшін алғыс айтты

«Екібастұзда болған оқиға – нағыз апат. Осы қала тұрғындарына шыдамдылық танытып, азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін алғысымды білдіріп, еріктілерге жұмысы үшін алғыс айтқым келеді», деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, орын алған жағдай мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субъектілерінің жылу беру маусымына деген жауапсыздығынан болды. Осы ретте Президент апаттың себебі анықталған соң, тиісті шешім қабылданатынын айтты.