Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2022

Президент: Экономиканы несиелендіруді кеңейту қажет

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономикадағы қаржыландыруды қажет ететін салаларға қолдау білдірілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент: Экономиканы несиелендіруді кеңейту қажет

«Мен нақты экономиканы несиелендіруді кеңейту қажеттігі туралы бірнеше рет айтқанмын. Бизнес өкілдері қолжетімді қаржыландыруды қажет етеді. Менің тапсырмам бойынша шұғыл шешімдер пакеті әзірленді. Ол осы сектордағы жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтқанда, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарының 50%-ға дейінгі бөлігін жекеменшік басқаруға беру құқығы кеңейтіледі. Агроөнеркәсіп кешенін несиелендіруді ұлғайту мақсатында астық қолхаттары институты толығымен цифрландырылып, қайта іске қосылады.

Олар агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарының сенімді кепіліне айналады. Бұл экономиканың осы секторын белсендірек несиелендіруге мүмкіндік беретін жер қойнауын пайдалану құқығына да қатысты. Сонымен қатар Үкімет пен қаржылық реттеуші органдардың «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарттарын 7 жылға дейін ұзарту мүмкіндігін қарастырғанын орынды санаймын. Әрине, бұл экономиканың ең басым секторларына ғана әсер етуі керек», деді Президент.