Тағайындау • 12 Желтоқсан, 2022

Атырау облыстық энергетика басқармасының басшысы тағайындалды

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болып Айдулат Кенжебеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облыстық энергетика басқармасының басшысы тағайындалды

Айдулат Жанатұлы  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында бастап, 2019 жылға дейін жұмыс істеген.  

Осы басқармадағы жоспарлау-шарт бөлімінде бас маманның міндетін атқарушыдан басшының орынбасарына дейінгі жолдан өткен.

2019 жылдан осы тағайындауға дейін Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.