Қаржы • 12 Желтоқсан, 2022

Доллар бағамы тағы төмендеді

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да құлдырады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.

Доллар бағамы тағы төмендеді

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,63 теңгеге төмендеп, 469,93 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 10-12 желтоқсандағы бір долларға арналған ресми бағамы 472,14 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 468,38 теңгеден сатып алынып, 471,51 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 468,95 теңге, сату – 472,07 теңге.