Оқиға • 12 Желтоқсан, 2022

Жамбыл облысының тұрғынынан жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 472 келіден асты, оның ішінде 369 келі 588 грамм кептірілген марихуана және 102 келі 760 грамм гашиш болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысының тұрғынынан жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді

8 желтоқсанда Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тұрар Рысқұлов ауданының Қызылшаруа ауылынан 60 шақырым қашықтықтағы құмды аумақта 47 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ваз-2121 автокөлігін тоқтатқан. Автокөлікті тексеру кезінде жүк салғыштан екі қапшық гашиш есірткі заты табылған. Одан бөлек, сол орыннан 2 шақырым қашықтықта целлофаннан екі күркеше жасап, 36 қап марихуана мен 1 қап гашиш есірткі заттарын жинап қойғаны анықталды. 

– Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ұсталған 47 және 30 жастағы күдіктілер өз кінәлерін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев