Хоккей • 12 Желтоқсан, 2022

Хоккейден әлем чемпионатында ел құрамасы Венгриямен кездеседі

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 желтоқсанда Қазақстан құрамасы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының І дивизионы А тобы аясында Венгриямен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz порталына сілтеме жасап.

Хоккейден әлем чемпионатында ел құрамасы Венгриямен кездеседі

Бірінші сайыс күні екі команда да сәтсіз өнер көрсетті. Қазақстандықтар франциялық құрдастарынан 0:2 есебімен жеңілсе, венгриялық құрама турнир қожайыны Данияға овертаймда (2:3) есе жіберді.

Енді Александр Истомин шәкірттеріне тек жеңіс қажет. 

Қазақстан – Венгрия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 21:30-да басталады.