Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2022

Сенатта төтенше жағдайларды жоюға қатысты заң жобалары қаралды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайды жоюдағы ынтымақтастық туралы заң жобаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатта төтенше жағдайларды жоюға қатысты заң жобалары қаралды

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрікменстанның Үкiметi арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдардың жобалары тараптардың төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жоюдағы өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған.

Заң жобалары төтенше жағдайларға мониторинг жасау және болжау туралы деректер алмасуды, сондай-ақ құзыретті органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құжаттар сонымен қатар азаматтық қорғаныс және мамандарды оқыту саласындағы ынтымақтастықты үдете түсуді көздейді.

«Комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша осы заң жобаларын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды», деп жазылған Сенаттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.