Қаржы • 13 Желтоқсан, 2022

Қор нарығында доллар бағамы тағы төмендеді

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы құлдырауы жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.

Қор нарығында доллар бағамы тағы төмендеді

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,52 теңгеге төмендеп, 469,35 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 13 желтоқсандағы 1 долларға арналған ресми бағамы 469,93 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 468,32 теңгеден сатып алынып, 471,45 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 469,45 теңге, сату – 472,58 теңге.