Қоғам • 14 Желтоқсан, 2022

Цифрлы ситуациялық орталық іске қосылады

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдың 1 сәуірінен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы тәуекелдердің алдын алу және уақытылы бағалау мақсатында тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі - Цифрлы ситуациялық орталық іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Цифрлы ситуациялық орталық іске қосылады

Бұл туралы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында айтты.

«2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бір жарым мыңнан астам стандарттар қайта қаралып, жаңа еңбек стандарттарының жүйесі  енгізіледі. 2023 жылғы 20 қаңтарға дейін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Келесі жылдың 1-ші жартыжылдығында Еңбек кодексіне тиісті өзгерістер енгізіле отырып, жазатайым оқиғаны тергеу кезінде қызметкердің кінәсінің дәрежесін айқындау тетіктері қайта қаралады. 2023 жылы мемлекет, бизнес және жұмысшылардың әлеуметтік серіктестігінің тиімділігін арттыру мақсатында «Кәсіподақтар туралы» заңға қажетті өзгерістер енгізіледі», деді Т. Дүйсенова.