Хоккей • 15 Желтоқсан, 2022

Мәскеуде бақ сынайды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-18 желтоқсан аралығында Ресей астанасы – Мәскеуде шайбалы хоккейден Бірінші арна кубогі жолындағы жарыстың жалауы желбірейді. Жыл сайын өтіп тұратын дәстүрлі додада айдын иелерінен бөлек, Беларусь пен Қазақстанның ұлттық құрамалары да күш сынасады.

Мәскеуде бақ сынайды

Аталған турнир қарсаңында Қазақстан құрамасының бас бапкері Андрей Скабелка қай шәкірттеріне сенім артатынын жария етті. Мәскеуге сапар шегетіндердің тізіміне мына хоккейшілер енді: Қақпашылар – Никита Бояр­­­кин («Барыс»), Юргис Ду­­бинскас («Номад»), Денис Ка­­ратаев («Сарыарқа»). Қор­ғаушылар – Әділ Бекетаев, Те­мірлан Гайтамиров, Самат Да­нияр, Егор Шалапов («Ба­рыс»), Леонид Метальников («Ад­мирал»), Алексей Ма­клю­ков, Валерий Орехов («Ме­таллург»), Еміл Нұрғалиев («Номад»), Кирилл Полохов («Арлан»). Шабуылшылар – Әли­хан Әсетов, Никита Ми­хайлис, Егор Петухов, Михаил Рахманов, Антон Сагадеев, Кирилл Савицкий, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шес­таков, Дмитрий Шевченко («Ба­рыс») Павел Акользин («Металлург»), Александр Бо­ри­севич («Сарыарқа»), Артем Лихотников («Арлан»), Максим Мухаметов («Номад»), Кирилл Панюков («Ақ Барс») және Роман Старченко («Спартак»).

Бірінші арна кубогі жо­лындағы турнирдің тұсауы сонау 1967 жылы кесілген. Сол аралықта жарыс қожайындары ең көп олжаға кенелді. КСРО мен Ресейді қоса алғанда олар 35 мәрте бас жүлдені олжала­ды. Чехия тоғыз рет топ жарса, Швеция бес жарыста дара шықты. Финляндия үш мәр­те қарсылас шыдатпаса, Кана­да бір рет теңдессіз деп танылды. Мәскеудегі додада Қазақ­станның хоккейшілері де сан рет өнер көрсетті. Алайда сол жарыстардың бірде-біреуінде жерлестеріміздің бағы жанбады.