Ауыр атлетика • 15 Желтоқсан, 2022

Артёмнің «кіші» алтыны

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыр атлетикадан Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатының ке­зекті жарыс күні аяқталды. Кеше Қазақ­станның екі спортшысы өнер көрсетті.

Артёмнің «кіші» алтыны

102 кило салмақта күш сынасқан Артем Антропов жұлқып көтеруде 222 килоны ас­панға атып, «кіші» алтын медальды ие­ленді. Алайда оның алдында серпе көте­руде тым нашар нәтиже көрсеткен еді. Жат­тығудың бұл түрінде Артёмнің небәрі 163 килолық зілтемірді еңсеруге шамасы жетті. Қоссайыстың қорытындысы бойынша 385 килолық көрсеткішпен Антропов алтыншы орында қалып қойды. Бұл салмақта қатарлық Фарес Эльбах қарсылас шақ кел­тірмеді. Ирандық Реза Дедар күміс алса, арме­ниялық Самвел Гаспарян қолаға қол созды.

Әйелдер арасында 76 кило салмақ дәре­жесінде сайысқа түскен Арай Нұрлыбекова үздік ондықты түйіндеді. Оның көрсеткіші – 223 (100+123) кило. Бұл тартыста мысырлық Сара Ахмед топ жарса, америкалық Марта Энн Роджерс пен оңтүстіккореялық Ким Су Хьюн жүлдегерлер қатарына қосылды.