Кәсіпқой бокс • 15 Желтоқсан, 2022

Батырдың қарсыласы белгілі

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 желтоқсанда Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде қазақтың таны­мал былғары қолғап шебері Батыр Жүкембаевтың кіммен жұдырық­тасатыны белгілі болды.

Батырдың қарсыласы белгілі

31 жастағы боксшы кәсіпқой рингте 2015 жылдан бері күш сынасып жүр. Сол аралықта 22 кездесу өткізіп, тек біреуінде ғана қарсыласына есе жіберді. 16 қарсыласын есінен тандырды. Б.Жүкембаев жекпе-жек­терінің денін Канадада өткізді. Барлық бәсе­кеде басымдық танытып, екінші дәре­желі түрлі белбеуді иеленді. 2021 жыл­дың 29 мамырында қандасымыз АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қа­ласында кубалық Сабриэль Матиаспен жұ­дырықтасты. Егер сол кездесуде Батыр же­ңіске жеткенде, IBF нұсқасы бойынша алтын белбеуден үміткерлер санатына қосылатын еді. Бірақ бұл бәсеке Бостандық аралы өкілінің жеңісімен аяқталды. Сегізінші раундтан кейін Жүкембаев жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Алматыдағы жарыста қазақ боксшысы Холани Мкотелимен қолғап түйістіреді. «Жолбарыс» деген жанама есімге ие Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) өкілі 26 рет шаршы алаңға шығып, 19 кездесуді өз пай­дасынан шешті. Ол 12 қарсыласын ұрып жыққан.